Биыл оңтүстіктен шығысқа ерікті түрде 370 -тен аса адам қоныс аударуға ниетті. Қалада «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру» бағдарламасы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Еңбек ресурстарын тиімді орналастыруға бағытталған бұл бастаманы жауаптылар жұмыс күші тапшы өңірлердің тіршілігін қайта жандандырады деп сенеді.
Шараға Шығыс Қазақстан облысының қала және аудан әкімдері, мансап орталықтары мен білім беру, денсаулық сақтау және жұмыс беруші өкілдер қатысып, азаматтарға 1000-нан аса бос жұмыс орындарын ұсынды.
ДАНИЯР ДҮЙСЕНБАЕВ, ШҚО ҚАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Жұмыс орындарының ашылуына байланысты, 122 –нің ішіндегі 57 жаңадан салынып жатқан Халықаралы әуежай керекті техникалық мамандығы бар мамандар керек. Ол кісілерді оқытып, сол жерге қызметке тұрғызуға мүмкіндігіміз бар.
Ал,өңір тұрғындары көбіне жылы өлкесін тастап, көшті бастап, жаңа мекенге қоныстанғандарды жергілікті тұрғындар қалай қабылдайды деп көбірек алаң.
АЛЬМИРА МУСИНОВА, ШҚО ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қазіргі уақытта келіп жатқан солтүстік, оңтүстіктен келіп жатқан азаматтарды біздің шығыс өңірі өте жылы қабылдайды.Азаматтардың сіңіп кетуіне толық жағдай жасап жатырмыз
Одан өзге жаңа тұрғылықты жерге көшу үшін әлеуметтік қолдау, тұрғын үй мәселелері мен көшуге қаржылай көмек ретінде отбасы мүшелерінің әрқайсысына 270 мыңнан аса субсидия қарастырылған. Айта кетсек, бағдарламаға қатысудың басты шарты – қоныстанған өңірде кемінде бес жыл тұрақтау. Бұл талап қабылдаушы аймақтардың дамуы мен әлеуметтік орнықтылығын қамтамасыз ету үшін қажет. Бүгінде көші-қон бағдарламасы мемлекет қолдауымен жүзеге асырылып келеді.