Шымкент қаласының опера және балет театры үшін бүгін – тарихи күн. Театрдың дарынды солисі Жадыра Абдуллаева Жапонияның Нагасаки қаласында өткен VI халықаралық «Madama Butterfly» опера әншілері байқауында І орынды иеленіп, ел мерейін үстем етті.
Әншіні Шымкентке оралғанда салтанатты түрде қарсы алусәті өтті . Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 300-ге жуық кәсіби вокалистің арасынан оза шығып, финалға өткен сегіз үздік өнерпаздың қатарында Жадыра Абдуллаева әділқазылардың жоғары бағасына ие болды.
ЖАДЫРА АБДУЛЛАЕВА, VI «Madama Butterfly» ОПЕРА ӘНШІЛЕРІ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕЛІ І ОРЫН ИЕГЕРІ
Мен үшін бұл бірінші жеңісім деп айттым . Өйткені мен бұған дейін 50 рет конкурсқа қатысқанмын. Мен тіпті финалғада өтпейтінмін , 1 де алмайтынмын. Мен өте көп дайындалдым. Күнігі, демалыс күн болған жоқ. Сол демалыс күніне қарамай менімен дайындалды. Замзагүл ханымға рахмет айтамын . Театрға , Шымкенттің мәдениет басқармасына бәріне рақметімді айтамын.
Бұл жеңіс – Қазақстан опера өнерінің жаңа белесі, Шымкент мәдениетінің халықаралық деңгейде мойындалуы. Әншінің дайындалуына театр директоры, Қазақстанның халық әртісі Майра Мұхамедқызы жетекшілік жасап, үлкен қолдау көрсетті.
МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ
30 жыл сахнадамынғой . Ол операныда өзім айтқанмын , сондықтан білемін ол операның қай жері қиын , қай жерін қалай айту керек екенін . Сондықтан айттым жақсы бүгін өнеріңіді көрсете алсаң жеңіс біздікі болады деп
Жадыра Абдуллаеваның жеңісі – жеке бір өнерпаздың табысы ғана емес, тұтас қазақ операсының мәртебесін көтерген тарихи жетістік.