Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жазғы демалыс кезінде жасөспірімдердің жұмыс істеуіне қатысты мәлімдеме жасады.


Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес 14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істемеуі тиіс. 16 мен 18 жас аралығындағылар үшін бұл шектеу аптасына 36 сағаттан аспауы тиіс. Жасөспіріммен еңбек шарты жасалғанда ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі міндетті түрде қажет. Кәмелетке толмағандарды түнгі уақыттағы жұмысқа, вахталық жұмыс пен қоса атқарылатын шаруаларға тартуға тыйым салынады. Комитеттің хабарлауынша, балалар еңбегін заңсыз пайдаланатын және оларды еңбек қызметінің тыйым салынған түрлеріне тартатын жұмыс берушілер жазаланады.