Бүгін Шымкентте жас өнертапқыштар үшін World Robot Olympiad халықаралық олимпиадасының республикалық кезеңі басталды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ұйымдастырған бұл іс-шараға еліміздің әр аймағынан 300-ге жуық оқушы жиналды.
АЙГЕРІМ ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Биылғы байқау «Роботтардың болашағы» тақырыбымен өтіп жатыр. Қатысушылар роботтардың көмегімен адамзат өмірін жақсартуға және жаһандық мәселелерді шешуге арналған жобаларын ұсынуда.
САРА САЙРАНОВА, ОҚУШЫ
АЙГЕРІМ ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Олимпиада төрт санат бойынша өтеді: RoboMission, Future Innovators, RoboSports және Future Engineers. Әсіресе, роботтардың автономды әрекеттері мен күрделі тапсырмаларды орындау мүмкіндіктері көрермендерді қызықтырып отыр.
АЙНҰР ӘБІЛҚАСЫМОВА, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Республикалық кезеңде үздік атанған командалар Сингапурда өтетін халықаралық финалда Қазақстан намысын қорғайды. Бұл жас өнертапқыштардың әлемдік аренада өз идеяларын таныстыруына үлкен мүмкіндік.
САБЫРЖАН СӘДУАҚАСОВ, «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
АЙГЕРІМ ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Олимпиада тек жарыс емес, сонымен бірге ғылым мен техникаға қызығушылық танытатын жастар үшін шабыт алаңы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқаулар еліміздің болашақ инженерлерін, ғалымдарын тәрбиелеуде ерекше рөл атқарады. Республикалық олимпиаданы ұйымдастыруға қазақстандық және шетелдік серіктес ұйымдар атсалысуда. Жеңімпаздарға құнды сыйлықтар ұсынылады.