Бүгінгі таңда робототехника балаларды дамытуға арналған ең заманауи құрал. Шымкент қаласында «Smart» робототехника үйірмесі арқылы оқушылар жаңа технологиялармен жұмыс істеуді үйреніп жүр. Балалармен тілдесіп қайтқан тілшіміз Айгерім Дәулетбекқызының бейматериалы.
Жай ғана ойыншық емес, болашақтың негізі. Бұл үйірмеде балалар робот құрастыруды ғана меңгермейді. Логикалық ойлауды шыңдайды, командамен жұмыс істеп, тапсырмаларды басқа қырынан шешуді үйренеді.
НҰРСҰЛТАН САХЫ, SMART РОБОТОТЕХНИКА ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Балалар роботтарды құрастыру кезінде инженерия, бағдарламалау, және ғылымның түрлі салаларын меңгереді. Бұл болашақта өз мамандығын табуға үлкен қадам.
Мұнда әр сабақ зерттеу мен шығармашылықтың тоғысы. Бастапқыда қарапайым роботтарды жинаудан бастаса, уақыт өте келе, оқушылар өз жобаларын жасап, жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
МЕЙІРХАТ САНСЫЗБАЙ, ОҚУШЫ
Робототехника арқылы балалар болашақтың қажетті дағдыларын меңгеріп қана қоймай, үлкен армандарын жүзеге асыруға дайындық жасайды. Бұл үйірмеде жасалған әрбір робот олардың өз әлеуетін ашуға жасалған қадамы.
НҰРАСЫЛ ЕСБОЛ, ОҚУШЫ
XXI ғасырда робототехника тек ғылым емес, болашаққа сенімді қадам жасайтын бағыт. Бүгінгі үйренген дағдылары ертеңгі жетістіктерінің кепілі болмақ дейді үйірме жетекшісі.