Таиланд астанасы Бангкокте өткен World Boxing ұйымының алғашқы Азия чемпионатында шымкенттік боксшы Санжарәлі Бегалиев жеңіске жетті.


Жарыс 30 шілде мен 12 тамыз аралығында өтіп, оған 25 елден 396 спортшы қатысты. Қазақстан атынан 80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Санжарәлі бұған дейін жастар арасында әлем чемпионы болған. Биыл ол жоғары салмақта алғаш рет сынға түсті. Ширек финалда оңтүстіккореялық спортшыны 5:0 есебімен жеңген ол, жартылай финалда үндістандық қарсыласын да дәл осындай нәтиже бойынша ұтты. Қорытынды кездесуде өзбекстандық Рахматулло Бойматовпен өткен тартысты айқаста 3:2 есебімен басым түсіп, Азия чемпионы атанды. Бұл Қазақстан құрамасына қосылған тағы бір алтын медаль болды.