Еңбекші ауданы, Қарабастау елді мекеніне қарасты бүтін бір шағын аудан балалары қыс мезгілінде мектепке қатынай алмай отыр. Әкімдік ғимаратында мәселесін арқалай келген тұрғындардың талап-тілегі тыңдалып, 200-ге тарта өтініш қаралды. Қала, аудан әкімдігі мен басқарма басшылары түйткілді проблемалардың түйінін қалай тарқатпақ?
- Бізде жол мәселесі жоқ! Қыста балаларымыз мектепке бармайды. Бір машинамен көршілер бір-бірімізді жетектеп жүреміз итеріп. Балалар жылда бармайды мектепке.қалады қыста, жол жабық.
- Жолымыз жоқ! Газ жоқ! Мысалы балаларға 2-3 аяқ-киім алуға тура келеді. Бір үйде бір бала оқымайды мысалы үшін.4-5 баладан
Тұрғындар үшін қазір жол мәселесі ғана өзекті емес. Газ тапшылығы да басты проблема болып отыр. Газдандыру үшін арнайы құбырлар жүргізілгенімен, жөндеу жұмыстары аяқсыз қалыпты.
ДОСБОЛ ЕСІЛБЕК, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Бізде Қарабастау елді мекенінің жаңа құрылыс аумағы 1,5 жуық жер уачскесі берілген. Қазір 600-ге жуық үйлер өмір сүруде. Өздеріңізге белгілі 3-4 жылдың көлемінде ол жерде электр жарығы, ауыз су, тас жолдар төселді.Ағымдағы жылы газ жүйеіс жұмыстары толық аяқталады.
Бұдан бөлек, аула аумақтарын абаттандыру, көшелер мен жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, инженерлік желілерді дамыту, коммуналдық қызметтердің жұмысына қатысты мәселелер айтылды. Өтініштердің дені әлеуметтік көмек көрсетуге, сондай-ақ спортты, білім беруді және мәдениетті дамытуға қатысты бастамаларға бағытталды.
- Асфльт тасып жатыр. Шаң тозаңнан көз ашпай қалдық. Шаң көтерледі. Өмір сүру қиындап кетті. Не знак қойылмады. Жүк машиналары қарап жатқан жоқ.
Тәулік бойы қала тұрғындары көтерген өтініштер егжей-тегжейлі талданып, жедел шешімді талап ететін мәселелер бойынша тиісті басқармалар мен жауапты орындаушыларға тапсырмалар берілді. Барлық көтерілген проблемалар жеке бақылауға алынды, шешімі бойынша кері байланыс жасалады.