Волиболдан үш айға созылған жасөспірімдер лигасы мәресіне жетті. Сайысқа 14 жасқа дейінгі жеткіншектерден құралған 8 команда қатысты. Финалдық ойында №13 және №12 спорт мектебінің командалары бақ сынап, жүзден жүйрікті анықтады. Жеңімпаз ұжым қалқан құлақ кубокты жоғары көтеріп, 500 мың теңге қанжығалады.


Ақтық сын тартысты өтті. Екі тарапта шеберлік көрсетіп, өзара ұпай алмасты. Бірінші сетте №12 спорт мектебінің балалары басым түсіп, қарсыласты тұйыққа тіреді. Аз-кем үзілістен соң ойын тактикасын өзгерткен қарсыластар, аламанның екінші бөлімінде күш алды. Жиі шабуылдап, бәсекелес команданы тұқыртып тастады. Таразы басы тең түскен соң ойын үшінші сетке жалғасты. Шешуші партияда бірінші сеттің жеңімпаздары алға озып, чемпион атанды.


ДИЁРБЕК ЕШХОДЖАЕВ, КОМАНДА КАПИТАНЫ

 «Біз финаджық ойынға ерекше дайындалдық» «Финалдық ойын оңай өткен жоқ, тартысты өтті.» – «Қарсыластарымыз да мықты екен»  «Бізді жеңіске жеткізген ұжымдық бірлік» 


«AMANAT» партиясының қолдауымен өткен лигаға «Royal Motors» автосалоны демеушілік еткен. Мұндағы мақсат жас буынды спортқа тартып, чемпиондарды қалыптастыру, - дейді ұйымдастырушылар. Мақсат орындалып келеді. Сайысқа 100-ден аса спортшы қатысып, шеберлік шыңдаған.


БАҒЛАН КОПБАЕВ, ТОО ROYAL MOTORS AUTO ДИРЕКТОРЫ

 – «Жарыс үш ай бойы, әр аптаның сенбі күні өтті.»  «Жарысты ұйымдастыру мақсатымыз.. Жасөспірім балалар жазғы уақытын тиімді өткізсе екен деп ұйымдастырып жатырмыз.» 


Жеңімапаздар мен жүлдегерлер арнайы кубок, медальдармен марапатталып, үздіктерге қаржылай сыйақы табысталды.