«Таза қала» экологиялық акциясы аясында полицейлер қала аумағында абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтау мақсатында рейд жүргізуді жалғастырып жатыр.
Тексеру барысында дрон арқылы жүк көліктерінің рұқсат етілмеген орындарға қалдықтар төккені анықталды. Құқық бұзушылар жедел түрде табылып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция өкілдерінің айтуынша, дрондарды қолдану – қолжетімсіз аумақтарда экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді құралы. Құқық қорғау органдары қала тұрғындарын абаттандыру ережелерін қатаң сақтауға шақырып, тұрғындармен бірлесе әрекет еткенде ғана қаланың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз ету мүмкін екенін еске салады.