Биыл Қазақ-Қырғыз шекарасындағы «Қарасу» бекеті жаңғыртылады. Бұл екі ел арасындағы барыс-келісті көбейтуге сеп болмақ. Қазір осы пункт арқылы тәулігіне 700-дей көлік қатынаса, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 2 мыңнан астамы өте алады. Айта кетсек, жуырда Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекараларындағы тағы 10 бекет қалыпқа келтіріледі. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыстың қалай жүріп жатқанын тексерді. Үкімет басшысы жауаптыларға жұмысты уақытылы әрі сапалы орындауды тапсырып, саланы цифрландыру ісін де қолға алуды жүктеді.


 ЕРБОЛ ДОЛМАТОВ, ЖҮРГІЗУШІ

 Мен Қырғызстандағы досыма жиі барып тұрамын. Қордай бекетінен оңай өтемін әркез. Барлығы уақытымын, тез арада.