Елде жанармай бағасы біртіңдеп өсіп отыр. Үкімет өкілдерінің айтуынша, бұл қымбатшылықтың шегі емес. Күзде жанармай тағы да қымбаттап, нарықта жетіспеушілік туындауы мүмкін.


Қазіргі таңда бензин мен дизель отынының ең төмен бағасы елдің батысы мен оңтүстігінде тіркелді. Мәселен, Атырауда АИ-92 маркалы бензин литріне 204 теңгеден, Шымкент пен Ақтөбеде 207-210 теңгеден сатылып жатыр. Ал елордада бұл көрсеткіш 222 теңгеге дейін жеткен. Мемлекеттік реттеу алынып тасталғалы жанармай бағасы орта есеппен 17 теңгеге өскен. Сонымен қатар, дизель отыны да қымбаттап, Алматы, Шымкент және Астанада литрі 315-319 теңге аралығында сатылуда.