Түркістандық полицейлер жоғалған балаланы тапты. "102" пультіне Астанадан қонақтап келген азаматтан өтініш түскен. Ол қызының базарлардың бірінде жоғалып кеткенін хабарлаған.
Тәртіп сақшылары жасөспірімді іздеуге бірден кірісіп, көшелер мен сауда орталықтарына іргелес аумақтарды, сондай-ақ қыздың баруы мүмкін бағыттарды мұқият тексерді. Нәтижесінде учаскелік инспекторлар базардағы дүкендердің бірінен оны тауып, ата-анасына тапсырды.