Еліміздің негізгі ұстанымы – ынтымақ пен тыныштық. Ұлтаралық келісімді сақтау, қоғамдық бірлікті арттыру – барша азаматтың ортақ міндеті. Осы қағиданы басшылыққа алған жергілікті этнос өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Достық байланыстарды тереңдету мақсатында арнайы жиын ұйымдастырылды.


Кездесу барысында құқық қорғау қызметкерлері баяндама жасап, заң талаптарын түсіндірді. Қоғам мүшелерінің ұлтына, нәсіліне немесе діни сеніміне қарамастан, бәрі тең құқықтарға ие екені атап өтілді.


ЖАНЕРКЕ РЫСҚҰЛ, ТҰРАН АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ

 – «Ол қазақ болсын, өзбек болсын не басқа да ұлт өкілі болсын бәріне бірдей құқық берілген.»


Тохирбек Нишанбаев – өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі. Оның айтуынша, қаламызда тарихи тамыры мен мәдениеті ұқсас екі халық өзара тату өмір сүріп жатыр. Мемлекет өзге этнос өкілдеріне қолайлы жағдай жасап отыр. Мысалы, қалада өзбек тілінде білім беретін 30 мектеп жұмыс істейді.


Жиында этностардың өкілдері сөз сөйлеп, ұлтаралық татулықтың жоғары деңгейде екенін жеткізді. «Біздің ұлтымыз әртүрлі болғанымен, мақсатымыз бір – Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне өз үлесімізді қосу», – деді олар.