Шымкент 16–30 тамыз аралығында спорттық атудан XVI Азия чемпионатын өткізеді. Бұл дода қала тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.


Жарыс Shymkent Shooting Plaza спорт кешенінде өтеді. Мұнда 26 елден келген 800-ден астам мерген бақ сынайды. Чемпионат екі олимпиадалық спорт түрі бойынша өтеді: нысана көздеу және стенд ату. Жүлде қоры - 700-ден астам медаль. Жарыстар жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өтеді. Спортшылар тапаншамен, винтовкамен ату, жылжымалы нысана көздеу және стенд ату бойынша үздіктерді анықтайды. Чемпионатты Халықаралық нысана көздеу федерациясының президенті Лучано Росси, Азия федерациясының басшысы шейх Салман әл-Сабах, сондай-ақ араб елдері мен Кувейт федерациясының жетекшілері бақылайды. Айта кетейік, чемпионатты Қазақстанның спорттық ату федерациясы ұйымдастырып отыр.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

Жарыс екі олимпиадалық спорт түрінен ұйымдастырылады. Нысана көздеумен стенд ату бойынша.