Шымкент қаласының бір мектебінің бас бухгалтері мемлекет бюджетінен 451 миллион теңгеден астам қаржыны ұрлап, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырғаны үшін жауапқа тартылды. Жымқырылған қаражатқа ол пәтерлер, автокөліктер, жер учаскелері мен бағалы қағаздар сатып алған.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. Жазаны кейінге қалдыруды сұрады. Сот бұл өтініш пен оның кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша 8 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды. Дегенмен, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.