«Қазақстандық патриотизм – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында жастар мен белгілі тұлғалар арасындағы патриоттық кездесу өтті. Іс-шараға қала жастары, студенттер, шығармашылық өкілдері мен қоғам белсенділері жиналды. Кеш барысында елге еңбегі сіңген азаматтар өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, елге қызмет етудің маңызы жөнінде тағылымды әңгімелер айтты.


 Қазақстандық патриотизм – сөзбен ғана емес, іспен дәлелденетін мәңгілік құндылық. Жиында қатысушыларға отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік және ел бірлігінің маңызы туралы ойлар айтылды.


ӘСЕЛ ТӨРЕБЕК, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ МАМАНЫ

Мұндай кездесулер жастарға жігер береді, олардың бойында өз еліне деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін күшейтеді. Біз үшін маңыздысы – әрбір жас өз елінің дамуына үлес қоса алатынын сезіну.


Кеш қонақтары – көп кітап оқитын, шығармашылыққа ден қойған белсенді жастар – өз көзқарастарын ортаға салып, өмірлік жоспарларын ортаға салды.


МЕЙІРХАН ӘБУТӘЛІПОВ, ЕРІКТІ

Бүгінгі кездесуден үлкен мотивация алдым. Алдыңғы буын өкілдерінің әңгімелері бізге жігер беріп, мақсатымызды айқындауға көмектесті.


Жастар ілкі буыннан өмірлік мол мағлұмат алып, рухани серпіліспен тарқасты. Бұл кездесу – патриоттық рухты нығайтып, жас ұрпақты ел болашағы үшін аянбай қызмет етуге шақырған тағылымды басқосу болды.