Ішкі Мемлекеттік аудит департаменті бірінші жартыжылдықты қорытындылады. Департамент басшысының орынбасары Нұржан Сүлейменов Мемлекеттік сатып алулар саласындағы жиі кездесетін заңбұзушылықтарды атап, оның алдын алу бойынша қабылданған нақты қадамдарды айтты.
Департамент жыл басынан бері 46 аудиторлық тексеріс жүргізген. 6 айдың нәтижесінде, 35 миллион теңгеге жуық сомаға заңбұзушылықтар анықталған. Қатарында 9 млн теңгеден аса қаржылық, құжаттандыру бағытындағы 25 миллионға тарта, ал Мемлекеттік сатып алу туралы Заңнамасы бойынша жіберілген бұзушылықтар сомасы 23 247,9 млн.теңгені құрап отыр. Заң талаптарын бұзғандарға қатысты департамент тарапынан нақты шаралар қабылданған. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша 42 аудиттік нысанға азаматтардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жолданған. Қазіргі уақытта 2 істің мерзімі әлі аяқталмаған, тағы екеуінің мерзім ұзартылған. 7 бақылау актісі мүлде орындалмағандықтан, құқық қорғау органдарына жолданған. Сондай-ақ, 36 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған.
НҰРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ, ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 901,1 млн. теңге сомасында 7 аудит материалы берілді. 2025 жылғы 1 жартыжылдық бойынша салыстыру актілеріне сәйкес 28,9 млн.теңге сомаға 2 материал бойынша сотқа берілді, қалған 5 мемлекеттік аудит материалдары бойынша кінәлі адамдарды өзге жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органдарға жолданған.