Тегін кәсіптік білімді қалай алуға болады? Сұраққа жауап іздеген жастар көп. Осыған орай Жастар ресурстық орталығының мамандары еркін форматта кеңес беру акциясын өткізді. Олар жан-жақты жол нұсқап, оқуға ынтасы бар жандарға бағыт-бағдар берді.
Ашық диалогқа 14-35 жас аралығындағы жастар тартылды. Оларға мемлекеттік білім гранттары, кәсіби бағдар, оқу бағдарламалары мен еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы нақты мәліметтер берілді.
МАҒЖАН ТІЛЕПХАН, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ
қазіргі уақытта 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялынады. Сондықтан, техникалық мамандықтарға көбірек басымдық беріледі. Сол бойынша көбірек ақпараттық жұмыстар жүргіземіз. Мемлекеттік бағдарламаларды да қамтимыз. Жастар практикасы бар, алғашқы бос жұмыс орындары бар, Жастар практикасы 1 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Онда жастар алғашқы тәжірибелерін жинақтау мақсатында
Сонымен қатар, спикерлер жастарға жоғары және орта арнаулы білім беру саласындағы тегін оқу мүмкіндіктерін түсіндіріп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу бағдарламалары туралы толық ақпарат берді. Қаладағы жұмыссыздық деңгейі қазіргі таңда 3 пайызды құрайды. Жыл басынан бері жастар практикасы аясында шамамен 2000 жас тәжірибе жинаса, алғашқы бос жұмыс орындары арқылы 35 жасқа дейінгі 4000-ға жуық адам екі қолға бір күрек тапқан.
НҰРБОЛ ШЫМКЕНТБАЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Кәсіптік оқуға ниетті азаматтар болса, Шымкент қаласы бойынша 5 бірдей аудан бойынша Абай, Әл-Фараби, Қаратау, Еңбекші,Тұран аудандары бойынша Мансап орталықтарында біркелкі жұмыс жүргізілді. Өзіне ұнаған мамандықтар бойынша өтінім бере алады. Тіптіүйде отырып та онлайн өтінім бере алады.
Акция аясында қала жастары өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауаптар алды. Мұндай кеңес беру кездесулері алдағы уақытта да жалғаса береді.