Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Business Plas» ЖШС-не барды. Кәсіпорын түйіршікті көбіктендірілген стирол өндіреді. Құны 5 миллион теңгелік жоба «Жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған. Компания өнімдері құрылыс, орау және өнеркәсіптің басқа да салаларында кеңінен қолданылатын әрі сұранысқа ие материалдардың қатарына жатады.


Әрі қарай Тұран ауданында «Айқап-Түркістан» шағынауданындағы кәріз жүйесі құрылысының барысын тексерді. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына бекітілген жоба мен белгіленген мерзімге сай орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар Әл-Фараби ауданында тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы аясында 16 және 17-ші шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйлерге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жөндеу шеңберінде шатырды, кіреберіс пен жертөледегі инженерлік желілерді ауыстыру қарастырылған. Мердігер ұйымға бұл жұмысты сапалы орындап, қабылдау кезінде желілердің техникалық жағдайын коммуналдық қызмет мамандарының міндетті түрде тексеруін қамтамасыз етуді тапсырды.


Сондай-ақ «Бадам» су қоймасы аумағында іске асырылып жатқан «OMIR SHYMKENT» экологиялық-туристік кешенінің құрылыс барысымен танысты. Бұл жоба табиғат аясында жайлы демалысқа жағдай жасап, тұрақты туризмді дамытуға бағытталған. Кешен басшылығы құрылыс қарқыны мен демалушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған шаралар жөнінде ақпарат берді. Инвестициялық жобаның алғашқы кезеңін биылғы күзде іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Ордабасы» футбол клубына арналған спорттық базаның құрылысын аралап көрді. Жоба аясында табиғи және жасанды төсенішпен жабдықталған футбол алаңдары мен спортшыларға арналған қонақүй салынуда. Бұл нысан іске қосылған соң, қаламызда футболдың дамуына қолайлы жағдай жасалып, клубтың спорттық жетістіктері арта түсетініне сенім мол