Шымкентте базарлар заманауи форматқа көшіріліп жатыр. Қаладағы 19 сауда орнынан жеті базар Жол картасына енгізілген. Олардың арасында «Авто-Нұр», «Орталық Қырғы» базар, «Назым апа» және «Жабық базар» 2025 жылдың желтоқсанына дейін толық жаңғыртылмақ.
Қазір «Авто-Нұр» базарында ескі ғимараттар бұзылып, жаңа павильондардың ішкі жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс 60 пайызға орындалған. Дәл осындай көрсеткіш «Орталық Қырғы» базарында да тіркелген. Мұнда заңсыз сауда орындары алынып, шатыр орнату және ішкі әрлеу жұмыстары атқарылуда. «Назым апа» базарында да сауда нүктелерін де-монтаждау қолға алынды. Ал «Жабық базардың» эскиз жобасы мақұлданып, құрылыс басталды.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
Ал «Көктем» базарының жері сот шешімімен мемлекет мұқтажына қайтарылды. Нәтижесінде 56 кәсіпкер көршілес жаңа «Көктем-88» сауда орталығына толық көшірілді.