Бүгін – қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Шымкент қаласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Асанбай Асқаровтың туған күні. Осыған орай қаладағы ескерткіш тақтаға гүл шоқтары қойылып, жұртшылық оның еңбегі жайлы естеліктерімен бөлісті.


Асанбай Асқаров еңбек жолын қарапайым қызметтен бастап, мемлекет басқару ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға. 1978–1986 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқара отырып, Шымкенттің экономикалық және мәдени өрлеуіне тікелей ықпал етті. Оның бастамасымен дендросаябақ салынды, қалада жүздеген мың түп ағаш отырғызылды. Өндіріс орындары ашылып, инфрақұрылым қарқынды дамыды. Бүгінде Шым қаланың жасыл келбеті мен сәулетті ғимараттары – сол еңбектің жарқын көрінісі. Аға буын өкілдерінің айтуынша, Асанбай Асқаровтың өмір жолы – табандылық пен отансүйгіштіктің, елге адал қызмет етудің жарқын үлгісі.


ӘБДІЖАППАР ОҢАЛБАЕВ, АРДАГЕР

Асқаровтың кезінде Шымкент гүлденді. Жаңа тұрғын үйлер, мәдениет нысандары, демалыс орындары бой көтерді. Ол кісінің елге деген жанашырлығы ерекше еді.