Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Шымкент қалалық прокуратурасы ерекше форматтағы сайыс ұйымдастырды. «Бес асыл іс» деп аталған рухани-мәдени шараға 8 команда қатысып, ұлы ақынның өлеңдерін оқып, қара сөздерін жатқа жеткізді. Бұл бастама қаладағы бірқатар мекемелерде жалғасын табуда.


Мәдени іс-шараға абайтанушы Ақжол Қалшабек қатысты. Ол ойшыл шығармаларының түпнұсқасын зерттеп, соның негізінде ғылыми жұмыс жазған. Бүгінгі кеште құқық қорғау қызметкерлерінің өнерін бағалап, қызылық етті.


 АҚЖОЛ ҚАЛШАБЕК, АБАЙТАНУШЫ

Ұлт болып, білесіздер, хакім Абайдың 180 жылдығы кең көлемде тойланып жатыр. Бүкіл қоғам, барлық мекеме бұл мерейтойдан тыс қалып отырған жоқ. Біз келіп отырған прокуратурада да осындай игі шара өтіп жатыр екен. Кеше ғана Семейдегі үлкен тойдың басы-қасында болып қайттым. Сол жерде ерекше бір әсер алдық: жастың да, кәрінің де, интеллигенция мен саяси тұлғалардың да Абайға деген махаббаты мен көзқарасы бөлек екеніне куә болдық. Осындай ерекше атмосфераны қазір Шымкенттен де сезініп отырмыз.


 Сайысқа 8 команда қатысып, Абайдың жүрек тербер әндерін орындады. Көркем жырлары мен өлеңдерінен үзінділер оқыды. Қызметкерлер ақынның қара сөздерінен тағылымды ой түйіп, ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына терең үңілді.


БЕРІК ЕРМАХАНҰЛЫ, ҚАЛА ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ

Жалпы іс-шара қала прокуратурасының 8 командасынан құрылған. Бір командара бір қызметкер және оның ұлы немесе қызы қатысуда. Қазір байқау болып жатыр. Байқауда ақынның өлеңдерін, поэмасын немесе қара сөзлерін оқып осы іс-шара ұйымдастырылды.


 Әдеби кеш соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Оларға алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды. Жеңімпаз команда Астанада өтетін, ҚР Бас прокуратурасы ұйымдастыратын республикалық сайысқа жолдама алды.