Шымкенттік боксшы Санжарәлі Бегалиев Тайландта өткен 22 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында топ жарды. 80 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан спортшы ширек финалда Оңтүстік Корея өкілін жеңді. Жартылай финалда үндістандық Анкуштан басым түсіп, ақтық сында өзбекстандық Рахматулло Бойматовты мойындатты. Елге оралған былғары қолғап шеберін жергілікті жанкүйерлер күтіп алып, құрмет-қошемет көрсетті.
Алтыннан алқа тағынған чемпионды жанкүйерлер мен спорт басқармасы жігерлендіріп, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі. Жылы лебіздерін жаудырып, есіл еңбектің ақталғанын айтты.
ЕРМЕК ДАРМЕНОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ У.М.А
– «Үшінші рет Азия чемпионы атанып жатыр. Әлем чемпионы.» «Бұл үлкен жеңістің артында үлкен тер жатыр. Бұл жеңістің артында бапкерлердің үлкен жұмыстары жатыр.» «Америка елінде болатын Олимпиада ойындарында бірге отырып қуанайық»
Шашасына шаң жұқтырмаған жүйрік ақтық сында еркін көсіліп, қарсыласты тұйыққа тіреді. Байматовтың соққылары ауа қармап, межелі жеріне жетпей қалып жатты. Жылдам әрекеттенген Санжарәлі өзбек боксшысын қақпанға түсіріп, ұпай санымен басым түсті.
САНЖАРӘЛІ БЕГАЛИЕВ, АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
«Ең қиын соққан сол финалдағы Боксшы болды.» «Өзбектің бойларын қарадық біз. Қалай жұмыс істейтінін зерттедік.»
Боксшы алдағы меже ел чемпионаты екенін айтады. Ішкі жараста топ жарып, бірінші номерді шегемдегісі келеді. Мақсаты – Олимпиада ойындарына жолдама алып, қазақ әнұранын әуелету.