Қазақтың қара домалақтары топ жарды. АҚШ-та өткен Коперник Халықаралық олимпиадасында еліміздің атынан қатысқан шымкенттік оқушылардың барлығы жүлделі орынмен қайтты. Білім сайысына әлемнің 40-қа жуық елінен келген 10 мыңнан аса оқушы қатысқан. Мерейі үстем болып елге оралған жастардың қуанышымен арна тілшісі де бөлісті.
Бейбарыс Тұрдықұл мен Абдрахман Баймахан бұған дейін де осы сынды бәсекелерде топ жарған. Бұл жолы да білімдері өзгелерден озық екенін дәлелдеп, бірі күміс, бірі қола жүлдені еншіледі.
АБДРАХМАН БАЙМАХАН, COPERNICUS ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
Негізі тесттердің өзі аса қиын болмады. Бірақ, оңай да болған жоқ. Орташа деңгейде болды. Кей есептері оңай, кей есептері қиын болды. Негізі шетелдік университеттерге түсу керек болып тұр бізге. Кругозорымызды кеңейту үшін. Мүмкіндік туып тұрса оқып көру қажет деп ойлпймын .
Қос жүлдегер қаладағы Білім Инновациялық Лицейінде оқиды. Ал Copernicus Olympiad-асынан 10-сыныптардың атынан абсалюттік чемпион атанып, Халықаралық додада өз категориясында күміс жүлдеге ие болған Бейбарыс білім бәйгелеріне 7-сыныптан бастап дайындалғанын айтады.
БЕЙБАРЫС ТҰРДЫҚҰЛ, COPERNICUS ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Менің ойымша, бастысы, дисциплина. Ол болмаса, адамдарға қиын болады. Көбісі айтады, мотивацимя, болмаса бір мұғаліммен дайындалу керек деп. Бірақ, тұрақтылық болмаса оның бәрі бекер. Күніне 5-6 сағат болмаса да 2-3 сағат дайындық –Халықаралы қолимпиадаларда жеңімпаз атануға мүмкіндік береді.
Дарынды оқушылар еліміздің намысын абыроймен қорғап, қазір білімдерін тереңінен жетілдіріп жатыр. Болашақ математиктердің ендігі мақсаты – шетелдік іргелі жоғары оқу орындарына түсу.