Халықаралық жастар күніне орай Шымкент қаласында ерекше кеш – «Jastar Fest» өтті. Қала төрінде жастардың креативі мен белсенділігі тоғысқан думанды шарада көңіл көтерумен қатар, игі істер де ескерусіз қалмады. «Жас волонтер» жобасы аясында ең үздік деп танылған авторларға 1 миллион теңгелік сертификаттар табысталды. Жастардың қоғамға қосып жатқан үлесі мен креативті бастамалары – болашақтың жарқын кепілі екенін дәлелдеген бұл кеш, шабыт пен серпін сыйлады.
Байқау ережесіне сәйкес, жаңа идеялар мен бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған 26 жоба ұсынылды. Кеш барысында жобаның 5 бағыты бойынша үздік деп танылған қатысушыларға миллион теңге көлеміндегі гранттар табыс етілді.
РАХАТБЕК НҰРЖАНҰЛЫ, «ӘЗ-ҰЯ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Менің жобамның ерекшілігі «ағамдай боламын» жобасы. Басқа жобалардан ерекшелігі қоғамда өз орнын таба алған кәсіпкерлер болсын немесе белгілі бір дәржедегі мұғалімдер болсын қоғамға пайдасын тигізгісі келетін адамдармен жалғызбасты аналар мен осыал топтың балалары мен суицидке қадам жасап ол сәтсіз аяқталып былайша айтқанда өмірі аман қалған балалар мен бұзақылық бойынша жігіттерді қыздарға лайықты аға тауыпберу неболмаса әпке тауып беру. Және оларды бауырластыру.
Қазіргі таңда Шымкентте 400 мыңдай жас бар, ол қала тұрғындарының 30 пайызын құрайды. Түрлі ұйымдарға тіркелген еріктілер саны шамамен 3 мыңға жетеді. Белсенді жастар әртүрлі акциялар мен жобаларға қатысып, мегаполистің дамуына өз үлестерін қосып келеді.
ӘЙГЕРІМ ЖҰМАҒҰЛОВА, ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
Бізде бүгін жас волонтер атты жобмызға 40-қа жуық ерікті қатысты. Ол бес бағыттан тұрады. Медициналық, эко волонтерлық қоршаған ортаны қорғауға бағытталған, ол деген халықаралық волонтерлық. Жануарларға деген сүйіспеншілік тәрбиелейтін адам бойындағы волонтерлік. Бүгін бес бағыттағы жеңімпазды анықтады. Оған арнайы комиссия түзілді. Олар қатысушылардың жобаларын қарап, үздігін таңдап отыр.
Мерекелік кеште қызықты ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, өнерпаздар заманауи әндерді орындап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Jastar Fest» жастарға жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсер сыйлап, достық пен ынтымақтың мерекесіне айналды.