Тәртіп сақшылары жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен шымкенттік блогерді ұстады. Түркістан облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша күдікті кәсіпкерден абыройына нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп 2 мың АҚШ долларын алған. Тағы 4 млн теңге талап етіп, 6900 доллар алып жатқан сәтінде қолға түсті. Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.