Бүгін түнгі 03:20 шамасында Абай ауданының әкімшілік ғимараты өртке оранды. Нысаннан шыққан қызыл жалын әпсәтте лаулап, ауданы 1200 шаршы метрді құраған.


 Тілсіз жау 1 сағат ішінде толық сөндірілген. Бұған 21 арнайы техника, 88 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр.


 БЕКЗАТ ҚАМБАРОВ, ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

– «Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. 04:58 – де оқшауланып, 05:27 –де толық сөндірілді.»