Түркістанда «Рух пен Жігер жеңісі» кітабының тұсаукесері өтті. Туындының таныстырылымына зиялы қауым өкілдері мен руханият жанашырлары қатысты. Жігерді жанып, намысты қайрайтын бұл шығарма қалың көпшіліктің көңілінен шығып, жоғары бағасын алды.
Жеңістің 80 жылдығына орай жарық көрген бұл жинаққа тың деректер мен қызықты мәліметтер енген. Жиын барысында Балалар мен жасөспірімдер орталығының өнерпаздары патриоттық ән шырқап, өлең оқыды. Айта кетейік, Екінші дүниежүзілік соғысқа өңір аумағынан 140 мыңнан аса азамат аттанған. Оның 51-і Кеңес Одағының Батыры атағын алса, 8 жауынгер «Даңқ» орденімен марапатталған. Жыл өткен сайын ардагерлердің қатары сиреп барады. Бүгінде өңірде небәрі 8 майдангер ғана қалған.