Жол қозғалысы қағидалары мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған 20 жастағы жүргізуші ұсталды. Ер адам көлік қозғалысы көп көшеде апаттық жағдай туғызып, өзгелерге қауіп төндірген.


Заңсыз қайта жабдықталған көлік құралынан қою түтін шығып, жолды көру мүмкіндігін нашарлатқан. Ол қозғалыс қатысушыларына кедергі келтірген. Патрульдік полицейлер құқық бұзушыны дереу тоқтатып, оған ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша хаттама толтырды. Заң бұзғаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Темір тұлпары айыппұл тұрағына қойылды.