Шымкент қаласында сыртқы жарнама кеңістігін ретке келтіру жұмыстары қарқын алды. Енді көшелер ұқыпты әрі көрікті көрінеді. Рұқсатсыз ілінген, ескірген немесе ретсіз орналастырылған баннерлер мен жарнамалар алынып, олардың орнына заңға сай және эстетикалық талаптарға сай келетін көрнекі ақпараттар орнатылуда.


 Бұл бастама қала келбетін жақсартып қана қоймай, кәсіпкерлік нысандардың да тартымдылығын арттыруға бағытталған. Кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қала тұрғындарына да жаңа көрініс ұсынылмақ. Еліміздің «Жарнама туралы» Заңының 7-бабына сәйкес, рұқсатсыз орнатылған немесе бекітілген үлгіге сай келмейтін жарнамалар алынып тасталады. Талапты орындамаған кәсіпкерлерге әкімшілік шаралар қолданылуы мүмкін. Қала әкімдігі тұрғындарды да заң талаптарына сай жарнамаларды орналастыруға шақырады.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

Қаладағы жарнамаларды ретке келтіру үшін рейдтік іс-шаралар өтуде. Бұл қаланың көркін кіргізіп, сәулеттік келбетін жақсарту үшін ретсіз ілінген жарнамаларды алу үшін жасалып жатыр. Мазмұны ескірген, өңі бұзылған жарнамалар болса тұрғындар біздің мәдениет басқармасына хабарласса болады. Міндетті түрде тиісті шаралар қолданылатын болады.