Есірткі қолданудан туындайтын қылмыстардың артуына оны насихаттайтын интернет-ресурстардың әсері зор. Осыған байланысты Шымкент қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы интернет кеңістігінде тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді.
Аталған бағыттағы жұмыстарға кибереріктілер де тартылған. Бірлескен әрекет нәтижесінде 2025 жылдың алғашқы жеті айында 1243 заңға қайшы мазмұндағы сайттар, әлеуметтік желідегі парақшалар мен арналар анықталып, бұғаттау үшін ақпараттық жүйеге жолданған. Полиция департаментінің мәліметінше, интернеттегі бұл парақшалар бұғаттау жүйесіне енгізілгеннен кейін арнайы мамандар тарапынан сараптама жасалады. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары интернеттегі есірткі насихатына қарсы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.