2025 жылдың алғашқы жеті айында Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары 228 медаль жеңіп алды. Оның ішінде: 82 – алтын, 65 – күміс және 81 – қола жүлде. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 75 медальға көп.
Бұл туралы облыстық спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров хабарлады. 7 айдың қорытындысын жасаған басқарма басшысы бұдан өзге де жетістіктерді тілге тиек етті. Ел құрамасында бүгінде 115 спортшы өнер көрсетіп жүр. Былтыр бұл көрсеткіш 88 еді. Жетістіктер жүйелі жұмыстың нәтижесі ретінде бағалануда. Алайда ауыр атлетика мен жүзуде нәтиже төмен. Бұл бағыттарда нақты тапсырмалар берілді. Қосымша дәрігер маман қабылданып, спортшыларды фармакологиялық қолдау жүйесі күшейтілді. Басшылық мұны өңір спортына тың серпін береді деп санайды.