Инфрақұрылымдық жобаларда жаңа заманауи технологияларды пайдалану керек. Өйткені құрылыс материалдары арзан әрі тиімді. Оған қоса ресурстың қолдану мерзімін екі есе көбейтеді. Шымкенттегі темір жол үстінен салынып жатқан көпір құрылысымен танысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болатбек Нажметдинұлы осылай деді.Мәжілісмен сапар аясында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы бірқатар өндіріс орындарын да аралады.
Шымкенттегі Тіленшиен және Момынов көшелерінде соғылып жатқан көпір құрылысы шойын жолдың ар жағында қалып қойған 400 мыңнан астам қала тұрғындары үшін өте маңызды болып тұр.Инфрақұрылымдық жоба бітсе халықаралық шойын жол бойында кептеліс азайып,отыз жылдан бері сағаттап пойыз күткен жұрттың мәселесі шешіледі.Көрші аудандармен барыс-келіс жақсарады.Екі көпірдің құрылысына 13 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалмақ.Құрылыс теміржол кестесіне кедергі келтірмейді. Өйткені көпір темір жолдың үстімен өтеді. Көпірдің қазықтары қағылып, белуар бетондары орнатылған. Қазіргі таңда жұмыстардың 50 пайызы біткен. Мердігерлер жыл соңында момынов көшесіндегі көпірді ашамыз,деп отыр.Құрылыс жұмыстарымен танысқан мәжілісімен барынша заманауи және жаңа материалдарды пайдалану керектігін атап өтті.
БОЛАТ НАЖМЕТДИНҰЛЫ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Мына жерде пайдаланып жатқан балкілер көпірдің ол 60 жылы шыққан нәрселер. Менің айтанын дегенім сол жаңа шешімдерді пайдалану керек. Жаңа арзан және тиімді. Өйткені жаңадан шыққан шешімдер ол ресурсын екі есе көбейтеді.