20 миллион теңгеге кресло сатып алған. Қаржылық мониторинг агенттігі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Аталған істе жоғары оқу орнының бұрынғы бірінші проректоры, қаржы және әкімшілік департаменттердің директоры, мердігерлер мен қойма меңгерушісі күдікке ілінді.


Олар қыруар қаржыға жалған келісімшарттар жасап, бюджет қаражатын өзара бөліске салған. Нарықтағы құны 200 мың теңгеден аспайтын орындықтар 20 млн теңгеге бағаланған. Нәтижесінде мемлекетке 321 миллион теңге көлемінде залал келтірілді. Қылмыстық іс сотқа жолданды.


ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІ

Мысалы, осы схема аясында университет басшылығы нарықтық құны 200 мың теңгеден аспайтын бір креслоны 20 млн теңгеге сатып алған. Нақты жеткізілімдердің болмауын жасыру мақсатында күдіктілер тозған тауарлық-материалдық құндылықтарды балансынан формалды түрде есептен шығарып, оларды іс жүзінде пайдалануды жалғастырған. Ал есептен шығарылған мүліктің орнына келуі тиіс жаңа тауарлар мүлдем жеткізілмеген.