Мал шаруашылығымен шұғылданатын шаруаларды қолдау күшейді. Атап айтқанда, асыл тұқымды мал басын сатып алуға, шаруашылықты жем-шөпке қажетті техникамен жабдықтауға, сондай-ақ, жайылымдық жерді жақсартуға 5-6 пайызбен жеңілдетілген несие беру жоспарланып жатыр.


Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында Мал шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспары қаралды. Кешенді жоспарда ет өндірісін арттырып, экспорттық әлеуетті екі есеге дейін ұлғайту көзделген. Сондай-ақ, шопандар мен бақташылардың 55 жасқа толғаннан кейін арнайы әлеуметтік төлемдер алу құқығын қамтамасыз ету, мамандар үшін тұрғын үй салу жоспарланып отыр.