Ұлттық құрылтайда көтерілген ұсыныстың барлығы мұқият зерделенеді. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осылай деді. 


Сыр өңіріндегі алқалы жиынға 100-ден аса құрылтай мүшесі қатысып жатыр. Түске дейінге сессияда әлеуметтік-мәдени даму, білім мен ғылым саласындағы маңызды мәселер талқыға түссе, күннің екінші жартысында азаматтық қоғам және экономикалық даму бағыттары бойынша отырыс өтті.

АИДА БАЛАЕВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ
барлық ұсыныстар Ұлттық құрылтайдың хатшылығы арқылы мұқият зерделеніп, тиісті қорытындылар жасалады. Жалпы, Президент тапсырмаларын орындау барысында Ұлттық құрылтай аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бүгінгі жиында айтылған әрбір ұсыныстар мемлекет дамуына үлес қосады деп сенемін