155 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды. Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген азамат өзгелердің өміріне қауіп төндіре отырып, 126 рет әдейі жылдамдықты асырған.
Сондай-ақ ол 29 рет жол белгілерін ескермей, қауіпсіздік талаптарын сақтамаған. Құқық бұзушы қаңтар айының өзінде 18 рет жол ережесін бұзған. Оқиға көрші Жамбыл облысында тіркелді. Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері «Қорғау» автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жол жүрісі ережелерін бұзған азаматты құрықтады.