Сәуір айынан бастап банктер мобильді аударымдар бойынша мәліметтерді салық органдарына жолдай бастайды. Үш ай қатарынан жеке шотына 100 немесе одан да көп адамнан аударым қабылдаған жеке тұлғалар салықтық бақылауға ілігеді.


Сонымен қатар шағын және орта бизнес өкілдері 1 наурызға дейін өз қызметіне сәйкес арнаулы салық режимін таңдауы тиіс. Бұл талап орындалмаған жағдайда кәсіпкерлер автоматты түрде жалпыға бірдей салық салу режиміне ауыстырылады. Жаңа Салық кодексіне сәйкес, азаматтар үшін салық салудың үш түрлі тәртібі қарастырылған.