«Отбасы банкі» зейнетақы қорындағы қаражатты емделуге пайдалану қызметі уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Бұған радиохирургия бағыты бойынша өтінімдердің күрт көбеюі себеп болған.
Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен шешімге сәйкес, осы аптадан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есебінен емделуге арналған өтінімдер қабылданбайды. Қазір бұл бағытта 7 666 өтінім қаралып жатыр. Шара уақытша сипатқа ие. Өтінім қабылдау қашан қайта басталатыны қосымша хабарланатын болады.