Түркістанда Толық адам» ілімі негізінде ғылыми-практикалық конференция өтті. «Қ.А.Яссауи мұрасы: толық адам және адал қоғам» тақырыбын қамтыған жиынның мақсаты ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын қазіргі қоғамның адал өмір сүру қағидаларымен сабақтастыру және жас ұрпақ тәрбиесіне пайдалану.
Еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылды діни сала аясында «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялады. Бұл – әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ. Осыған орай Түркістан қаласында Қ.А.Яссауи мұрасы: толық адам және адал қоғам тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйлеп, Ясауи мұрасының маңызына тоқталды. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен шығармашылығын ғылыми тұрғыда негіздеп, қоғамға ұсыну маңызды екенін айтты.
Мазмұнды жиында Ясауи мұрасының түркі халықтарының бірлігі мен рухани жаңғыруындағы маңызы, жастар тәрбиесіндегі орны жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар Яссауи ілімін ғылыми тұрғыда зерттеу мен оны кеңінен насихаттаудың өзектілігін атап өтті.