Шымкентте ер адам көпқабатты тұрғын үйдің 16-қабатынан құлап көз жұмды.
Оқиға Шымсити шағынауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде болған. Аталған оқиға бойынша полицияға көпқабатты тұрғын үй ауласында мәйіт табылғаны туралы хабарлама түскен. Полиция суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр,- деп хабарлады Қалалық полиция департаменті.