Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап жатыр. Таң сәріден шаһар басшысына базынасын айтып келген халықтың қарасы қалың. Олар жол, жарық пен тұрғынүй саласына қатысты сауалдарына жаауап іздеп келген. Әкімдіктің фронт-офисіне арнайы тіркелмеген тұрғындарды аудан әкімдері мен басқарма басшылары қабылдауда. Халықпен биліктің кездесуі кешке дейін жалғасады.
Шымкентте жұмыс істейтін жастарға берілген арендалық баспана мәселесі әлі өзекті. 5 жыл тұрған үйді босатудан бас тартқандардан бөлек, мемлекет берген пәтерлерді жалға беріп, ақша тапқандар да анықталған. Әлеуметтік сала бойынша берілген үйлердің сапасына қатысты уәжін айтқандар да жоқ емес.
АЛИЯ ОРМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мемлекеттен арендалық пәтермен алғанбыз ғой, Застройщик Ақ Орда, басында келіп, біраз нәрселерді жөндеп берді. Кейін жоқ. Тұрғындардың оған шамасы жоқ. 00:20 Қала әкімінің жеке қабылдауына жазылдым. Қаратау ауданының әкіміне де айттым. Мәселем қараусыз қалмайтын шығар.
Сондай-ақ, қабылдауға атаулы әлеуметтік көмек, мүгедектігі бойынша төлем тағайындау бағытындағы мәселе көп көтерілді. Мамандар Шымкентте мемлекеттік көмек алатындардың қатары сирегенін айтып отыр. Алайда масылдыққа бой алдырғандар да бар.
Аудан әкімдері мен басқарма басшыларының қабылауында түске дейін 100-ден аса азамат болды. Сондай-ақ, қала әкіміне кіруге өтініш білдіргендер де Ғабит Сыздықбековке жеке мәселелерін жеткізді. Айтып өтейік, қала әкімінің қабылдауы әр тоқсан сайын өтеді.