Төлебиде «Заң мен тәртіп» қағидаты қатаң бақылауда. Аудан аумағында жасөспірімдерге «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен алқалы жиын соның дәлелі. Жастарға арналған тағылымды кездесудің мақсаты – заңға деген құрметті арттыру, тәртіп пен қауіпсіздік құндылықтарын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Тәртіпке бағынған құл болмайды. Елімізде баршаға ортақ заң бар. Азаматтар осы Атазаңның аясында қауіпсіз қоғамда өмір сүріп келеді. Жиында сөз алғандар заңды сақтау мен тәртіпке бағынудың, қауіпсіз балалық шақты қамтамасыз етудің, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде ой қозғады. Олар жастарды елжандылыққа, жауапкершілікке және белсенді азаматтық ұстанымға шақырды.
Қауіпсіз балалық шақ тек бақылау мен жазалауға емес, сенім мен жауапкершілікке негізделуі тиіс. Жастарға дұрыс бағыт беріп, заң мен тәртіптің мәнін түсіндіре алсақ, олардың әлеуеті ашылып, қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасады. Сондықтан бала тағдырына бейжай қарамай, отбасы, мектеп және қоғам бірлесе әрекет еткені абзал,-дейді аға буын.
Алқалы жиында білім саласын дамытуға үлес қосқандар «Алғыс хаттармен» марапатталды. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы жемісті жұмыстар жалғасын табатынына сенім білдірілді.