Игі істі Отырарлықтар да жалғап, ауыл-аймақты көркейту жұмыстарын бастады. Ауыл халқы бірлік пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетіп, елді мекен аумағындағы бір гектар жерді арнайы қоршап, тұя мен қара тал көшеттерін отырғызды.
Бұл бастама ауылдың экологиялық ахуалын жақсартуға, жасыл желек қорын молайтуға, сондай-ақ тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Аталған іс-шара – ауыл халқының туған жерге деген жанашырлығы мен ортақ іске деген ынтымағын көрсетті. Шара барысында ауыл тұрғындары көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын, отырғызылған көшеттерге тұрақты күтім жасалатынын атап өтті. Қарғалы ауыл округінде қолға алынған бұл бастама өзге де елді мекендерге үлгі болмақ. Мұндай игі бастамалар ауылдың көркі мен келбетін арттырып қана қоймай, жас ұрпаққа табиғатты аялаудың өнегелі үлгісін көрсетеді, – дейді ауыл азаматтары.