Шымкентте “күлдіретін газ” сатумен айналысқан 10 мекеме иесі жауапқа тартылып, 400-ден астам баллон азот тотығы тәркіленді.
Polisia.kz хабарлауынша, жыл басынан бері қала аумағында “күлдіретін газ” атауымен танымал азот тотығын сатумен айналысқан 10 ойын-сауық орны анықталып, олардың заңсыз қызметі тоқтатылған. Барлығы 417 баллон тәркіленіп, адам ағзасына күшті әсер ететін заттар заңсыз айналымнан алынды. Анықталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған. Полиция ескертеді: қолданыстағы заңнамаға сәйкес күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде азот тотығының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.