Жаңа Конституцияда еңбек адамы – ерекше назарда. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Сүндет Сейітов жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерімен кездесті. «Гаухар» тігін фабрикасының еңбек ұжымымен өткен жүздесуде адам капиталына басымдық беру, цифрлық деректерді қорғау және экологиялық мәдениет қалыптастыру тақырыптары қозғалды.

Сонымен қатар, кездесуде әлеуметтік салаға басымдық берілді. Жаңа Ата Заң еңбек адамының әлеуметтік тұрғыда қорғалуына кепілдік береді. Спикер сөзінше, әлеуметтік кепілдіктерді Конституция деңгейінде бекіту қадамы мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін күшейтеді. Сонымен қатар, жаңа Конституцияда адамның өзі, оның өмірі, құқығы мен бостандығы мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалғаны мәлімдеді. Жиын соңында тігін мамандары өздерін ойландырған сұрақтарын қойып, жаңа Конституция жобасының ерекшеліктерін еңбек ұжымына жан-жақты жеткізуге мүмкіндік алды.

СҮНДЕТ СЕЙІТОВ, АҚЫН
 – «Бұл ән, бұрынғы әннен өзгерек демекші, бұл заңның да бұрынғы заңнан әлдеқайда айырмашылықтары бар. Оның ішінде жеке азаматтардың бас бостандығы, оның қауіпсіздігі, одан кейін экологиялық сана. Яғни, халықтың экологиялық санасын ояту енді қалыптасып келе жатыр. Осы ұғымдарға қарап, экологияға қатысты заң қабылдануда.»