Мақтаралдағы Абат ауылының тұрғындары 400 түп көшет отырғызды. Абаттықтар табиғатты түлету үшін елді мекен шетінен бөлінген арнайы жер теліміне 25 түп арша, 10 түп сәндік тұт, 20 түп қытай бамбугы, 70 түп қара тал, 50 түп терек және 140 түп раушан гүл көшеттерін еккен.

Сонымен қатар, ауылдың көркіне айналып келе жатқан «Абат» аллеясына қосымша 18 түп арша мен 50 түп қара тал отырғызылды. Тал егілген 300 метрден аса аумақ арнайы темір қоршаумен қоршалды. Бұдан бөлек, арықтар қазылып, бұған дейін егілген тал мен дарақ суғарылды. Жаңадан егілген аршалар мен қара талдар алдағы жылдары ауылдың шырайын кіргізіп, көлеңкелі, көрікті демалыс аймағын қалыптастырады, – дейді жергілікті тұрғындар.