Шымкенттік оқушылар 3D принтер көмегімен шахмат тақтасын құрастырды. Ойын фигуралары пластик материалдардан тұрады. Көлемі үлкен. Күрделі ою-өрнек элементтерімен бедерленген. Жобаны бастан-аяқ жасап шығуға жас шәкірттер мен арнайы жетекші 6 айға жуық уақыт жұмсаған.
АСЫЛ ӘБДІРАЗАҚОВА, ОҚУШЫ
Шахмат өте қызықты ойын. 3 жылдан бері айналысамын. Оқушылармен бірлесе осы тақтаны құрастырдық. Бұл өте қызық процес болды.
Оқушылар шахмат фигураларын стем зертханасында әзірлеген. Жетекші маман технология тілін түсіндіріп, қажетті бағдарлама жазуға көмектескен. Бүгінде көлемі үлкен, ерекше шахмат тақтасы мектеп фоесінде тұр. Келушілер қызыға қарайды. Білім алушылар сабақтан тыс уақытта ойын ойнап, интеллектуалды қабілетін жетілдіреді.
ЖАНСҰЛУ СИХАМБЕКОВА, №30 О.ЖАНДОСОВ АТЫНДАҒЫ ЖОБМ ДИРЕКТОРЫ
– «Алты ай бойы стем зертханасында жасалды бұл. Балалардың бойындағы эстетикалық талғамын жетілдереді деп ойлаймыз.»