«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Республикалық коалиция мүшелері ҚазТрансОйл мекемесінің ұжымымен кездесті. Мұнайшыларға жаңа Конституцияның мазмұны мен енгізіліп отырған жаңашылдықтар жан-жақты баяндалып, олардың қоғам өміріндегі маңызы түсіндірілді.
Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасында жеке деректерді қорғау мәселесіне ерекше ден қойылған. Онда азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмау құқығына және жеке деректерді сақтауға заңмен кепілдік берілетіні айтылған.
ОЛЖАС ТӨЛЕГЕНОВ, ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ҚҰБЫРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Бұл жерде өзгерістер өте көп. Соның ішінде қарапайым халықтың жеке деректері қазір көптеген алдаушылықтан қорғалады. Сол себепті мемлекет тарапынан Конституциямызда белгіленіп, халықтың қоғамдағы деректері сақталады, яғни мемлекет тарапынан қорғалатыны ұнады.
Республикалық коалиция мүшелері мұнайшыларға жаңа Конституция жобасында еңбек қауіпсіздігі, адамның құқығы мен мүддесін қорғау заңмен бекітілгенін айтты. Сондай-ақ Ата Заңға енгізіліп отырған жаңашылдықтар жан-жақты баяндалып, олардың қоғам өміріндегі маңызы түсіндірілді.
ЕРБОЛ БАЙҚОНЫС, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жаңа Конституцияның жобасымен таныстырып, ол жерде 11 бөлім мен 96 баптың барлығын егжей-тегжейлі түсіндіріп жатырмыз. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституцияда адам құқықтары төрт жерде кездесетін болса, бұл жобада 80-ге жуық жерде кездеседі. Бірінші кезекте адам құқығы мен бостандығы сақталады, сондай-ақ бір қылмыстық іс жасаған кезде адвокаттық мәселелер де қарастырылған.
Айта кетейік, коалиция мүшелері 15 наурызға дейін 500 іс-шара өткізуді жоспарлаған. Бүгінгі таңда 260 жиын өткен. Нәтижесінде 20 мың адамға жаңа Ата Заң жобасы түсіндірілді.