Жаңа Конституцияны түсіндіру жұмыстары Шымкент қаласында қызу жүріп жатыр. Мемлекет болашағы үшін жүйеленген маңызды құжат халықтың таңдауына ұсынылып отыр. Сол себепті еліміздің жаңа Конституциясына енгізілген нормалар жан-жақты түсіндірілуде.

Жаңа құжат «Күшті қоғам – Әділетті мемлекет» қағидатын алға шығарып, Парламенттің рөлін күшейтуді, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғауды көздейді. Талқылау барысында Конституцияның ел болашағын айқындайтын басты құқықтық негіз екені ерекше аталды. Сонымен қатар жаңа Парламенттің өкілеттіктері қарастырылды. Заң шығарушы орган – Мәжіліс 98 депутаттан, Сенат 50 мүшеден тұрады және олар пропорционалды сайлау жүйесі арқылы бес жыл мерзімге сайланады.

ӘКІМБЕК АЛДАН, ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
 Халықтың болашағы үшін Ата заңымызға өзгерістер енгізіліп жатыр. Сол бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Әрбір адам өз таңдауын жасауға құқылы, және біз бұл жауапкершілікке әрқашан мән береміз.